Биыл 770-тен аса кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд 880 млн теңге қарыз болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 770-тен аса кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд 880 млн теңге қарыз болған

08.10.2021

Биыл елде 770-тен аса кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд 880 млн теңге қарыз болған. Еңбек инспекторлары қызметкерлеріне берешек жұмыс берушілерге 105 млн теңге айыппұл салды. Бұл кәсіпорындар азаматтардың жалақысын уақытында қайтармай, қарызға батқан. Сонымен бірге оларға жұмысшылар айлығын белгілі мерзімде қайтару туралы 900-ден аса шарт қойылды. Қатаң тәртіптің нәтижесінде 20 100 азамат жұмыс берушіден 4 млрд 718 млн теңгесін қайтарып алды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу