Ерболат Досаев инфляцияны болдырмау жөніндегі шаралар туралы есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерболат Досаев инфляцияны болдырмау жөніндегі шаралар туралы есеп берді

08.10.2021
Ерболат Досаев инфляцияны болдырмау жөніндегі шаралар туралы есеп берді

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Қыркүйек айында жылдық инфляция 8,9 пайызға дейін көтерілген. Айлық инфляцияның артуына ақылы қызметтер, соның ішінде, ең алдымен білім беру және тұрғын үйлерді жалға алу салалары әсер еткен. Ерболат Досаев инфляцияға қарсы кешенді шаралар мен инфляцияны болдырмау жөніндегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасының мәліметінше шикізат тауарлары бағасының қымбаттығына, тұтынушылар тарапынан туындаған шектеулерге байланысты әлемдегі тұтыну бағалары ең жоғары деңгейде сақталып отыр. 

Хабарламаларға жазылу