Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы екі журналистке берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы екі журналистке берілді

08.10.2021

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы сөз бостандығы үшін «батыл күрескен» екі журналистке берілді. Олар - ресейлік Дмитрий Муратов пен филиппиндік Мария Ресса. 329 үміткердің арасынан екеуі 1 млн 100 мың доллар көлеміндегі жүлдеге лайық деп танылды. Нобель комитеті өкілдерінің сөзінше, тәуелсіз «Новая газета» басылымының тең құрылтайшысы Муратов ондаған жылдан бері Ресейде сөз бостандығын қорғап келеді. Ал, «Рэпплер» жаңалықтар сайты құрылтайшыларының бірі - Ресса, өз еліндегі «билікті асыра пайдалану», зорлық-зомбылық және авторитаризмді әшкерелегені үшін лауреат атанып отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу