Атырауда ІТ орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ІТ орталық ашылды

23.05.2018

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жасақтаған жоба Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде орналасқан. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаға кез келген адам қатыса алады. Бүгінде 15 арнайы маман келушілерге дәріс беріп, бағдарламалау жүйесінің қыр-сырын үйретеді. Аталған орталықты тәмамдағандар арнайы сертификатқа ие болып, өз мекемесінде дәріс жүргізуіне мүмкіндік алмақ. Бұдан бөлек, биыл облыс оқушылары үшін 10 ІТ сынып ашылады деп көзделіп отыр.

Бекет Кенжеғұлов, техника ғылымдарының докторы, профессор:

- Бітіргеннен кейін олардың қолдарына сертификат береміз. Сол сертификатпен өз мекемелерінде әріптестеріне, болмаса студенттеріне осы заманауи ақпараттық технологиялар бағытында білім береді деген жоспарымыз бар.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу