АҚШ Сенаты дефолтқа жол бермеу үшін мемлекеттік қарыз шегін уақытша көтеруге дауыс берді. Егер олар 28 триллион 400 миллион доллар борыштың үстіне тағы қарыз алуға келіспегенде, Құрама Штаттар қаржылық міндеттерін орындай алмас еді. Мұның нәтижесінде Американың ғана емес, ғалам экономикасы дағдарысқа тап болуы мүмкін.
Айта кетсек, бұған дейін АҚШ-та халық қалаулылары бюджетті үлкен даумен мақұлдап, федералдық үкіметті жабылудан әрең сақтап қалған еді.
Арыстан Рысбек