«Талибан» Тәжікстанға басып кіруге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» Тәжікстанға басып кіруге әзір

07.10.2021

Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы Тәжікстанға басып кіруге әзір. Мұны тәліптердің тәжіктерден жасақталған «Джамаат Ансаруллах» тобы хабарлады. Оның лидері Тәжікстанның Шамсиддин Шохин және Дарвоз аудандарымен шекаралас бірнеше территорияға басшылық етеді.

Мұның алдында Ауғанстанның Бадахшан провинциясы губернаторының орынбасары Нисар Ахмад Ахмади Тәжікстанға қарсы жанкешті-террористер батальоны құрылғанын хабарлаған еді.

Қыркүйектің соңында Тәжікстан «Талибанды» барлық ұлттардың өкілдері кіретін инклюзивтік үкімет құруға шақырды. Содан кейін тәліптер Душанбеге ауған істеріне араласпауды ескерткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу