Үш елде «Модерна» вакцинасын жастарға салу уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш елде «Модерна» вакцинасын жастарға салу уақытша тоқтатылды

07.10.2021

Бүгін Финляндия «Модерна» вакцинасын жас жігіттерге салуды уақытша тоқтатты. Осыған дейін мұдай шешімді Швеция, Норвегия, Дания қабылдаған еді. Өйткені, бұл екпені алған 30 жасқа дейінгі ер адамдарда сирек болса да жүрек қабыну оқиғалары кездескен.

Дегенмен, АҚШ, Еуропа одағы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, америкалық екпенің коронавирустың алдын-алудағы артықшылығы қаупінен әлдеқайда басым екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу