Пандемияға қарсы қабылданған шаралар індеттің бетін қайтарды. Алайда, бюджеттен бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өтекн Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Індетпен күресу үшін қазынадан қомақты қаражат бөлінді. Бұл ақша негізінен науқастарды емдеу мен медициналық құрал-жабдықтар алуға және дәрігерлердің жалақысына үстемақы қосуға бағытталды. Осы ретте қаржы министрлігі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу барысында бірқатар заңсыздықтар орын алғанын әшкереледі.