Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

07.10.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті әріптесіне Ресей халқыныңигілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинніңтату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу