Маңғыстау облысында 50 орындық дәрігерлік амбулатория іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 50 орындық дәрігерлік амбулатория іске қосылды

07.10.2021

Маңғыстау облысындағы Қызылсай ауылында 50 орындық дәрігерлік амбулатория іске қосылды. 5 мыңнан астам халқы бар елдімекенде бұған дейін дәрігерлер мәдениет үйінің ғимаратында отырды. Басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар 20 шақырым жердегі Жаңаөзен қаласына қатынайтын. Енді міне, қажетті ем-дом жаңаша жабдықталған медициналық ұйымнан алатын болды. Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.

Бақытжан Өскінбаев, Қызылсай ауылының тұрғыны:

Бүгін міне ауылымызда жаңа амбулатория ашылып, ауылымыз халқымыз да бәріміз қуаныш үстіндеміз. Бөлмелері өте көп. Әр дәрігер өз бөлмесінде отырады. Бұрын енді узиге затқа қалаға баратын едік. Міне узи аппараты бар.Тағы да жаңадан аппараттар әкеліп құрамыз деп жатыр.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу