Нұр-Сұлтан қалалық сотының апелляциялық алқасы LRT ісі бойынша бұған дейін шығарылған үкімнің күшін жойды және заң бұзушылықтарды жою туралы шешім шығарды. Бірақ айыпталушылар тағы бір ай қамауда отырады. Судья «қылмыстық іс жүргізу заңнамасының бұзушылықтары мен нормаларын» жою үшін қылмыстық істі прокуратураға қайтару туралы шешім шығарды. Еске салсақ, мамыр айында жеті адамға сот үкім шығарған. Тағы екі айыпталушы - елорда әкімінің экс -орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен компанияның бұрынғы басшысы Талғат Арданның - халықаралық іздеуде екені хабарланған. Бұл іс бойынша сотталғандар мемлекетке шамамен 6 миллиард теңгені қайтаруы тиіс.
Ғабит Бөкенбай