Атырау облысында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр

07.10.2021

Атырау облысы Құрманғазы ауданында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Өрт ошағы Каспий теңізіне жақын әрі айналасы қамыс, сулы-батпақты болуына байланысты көлік құралдары жете алмай отыр. Әзірге маңайдағы елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, дейді аудандық төтенше жағдайлар бөліміндегі қызметкерлер. Мамандар Мақаш,Теңіз ауылдары аумағын барлап,арнайы аралап шыққан.


Хабарламаларға жазылу