Ғалымдар: ІТ мамандарын даярлауда санға емес, сапаға мән беру шарт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: ІТ мамандарын даярлауда санға емес, сапаға мән беру шарт

01.02.2018

Озық технологияларды игеріп, цифрлы экономикаға өту - елдің әлеуетін арттырады. Себебі, бұл Елбасы Жолдауында жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Алматыда бас қосқан белді ғалымдардың пікірі осындай.

Алқалы жиында академиктер жаңа индустрияны өркендету үшін цифрлы технологияларды қолдану қажеттігін айтты. Олардың сөзінше, «Цирфлы Қазақстан» бағдарламасының 4 бағыты экономиканың әр саласын одан әрі дамытуда соны серпін береді. Сондықтан, ІТ мамандарын даярлауда санға емес, сапаға мән беру шарт. Ал, осы жолда университеттердің ректорлары қазір ауқымды бастамаларды қолға алып, оқу бағдарламасына енгізуге кірістік, деп отыр. 

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:

 - Цифрлық технологиялар ғылыми техникалық прогрестің дамуына ерекше бір сапа беретін бағыт деп санаймыз.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу