Көлік әлеуетін арттыру мақсатында жаңа өткізу бекеттері ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік әлеуетін арттыру мақсатында жаңа өткізу бекеттері ашылмақ

06.10.2021

Сондай-ақ, Премьер-Министр Асқар Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микуриямен кездесті. Тараптар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және оны жаћандық көлік дәліздеріне одан әрі интеграциялау мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында электронды сауданы дамыту мен экспорттық-импорттық операцияларды одан әрі цифрландыруға ерекше назар аударылды. Көлік әлеуетін арттыру мақсатында Қытай, Өзбекстан шекарасында жаңа өткізу бекеттері салынады. Шетелдік мейман Қазақстанда жүргізіліп жатқан кеден және салық салаларындағы реформаларға жоғары баға берді. 

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу