Қостанайда қарттар үйінен өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қарттар үйінен өрт шықты

06.10.2021

Қарабалық ауданындағы Қарттар мен мүгедектер үйі отқа оранды. Қызыл жалын ғимараттың шатырын түгел шарпыған. 51 адам эвакуацияланды. Осында тұрып жатқан қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қазір мектеп интернатына және аудандық ауруханаға орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу