Ауғанстанда жұмыссыздар мен кедейлердің саны көбейді. Қиын жағдайға душар болған тұрғындардың ескі заттарын сатып, күн көруден басқа амалы қалмаған. Сол себепті мұнда қолданылған бұйымдар саудалайтын базарлардың да саны артып отыр. Сондай-ақ, ауғандардың кейбірі дүниесін сатып, шетелге көшуді аңсайды.
Елде экономикалық жағдай күннен күнге нашарлап барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, осылай жалғаса берсе, келер жылдың ортасына қарай күллі ауған халқы кедейшілікке душар болуы әбден мүмкін. Ал, Талибан билігі бұған жол бермеу үшін қандай шаралар қабылдап жатқаны әзірге белгісіз.
Арай Төлегенқызы