Атырау облысында қора өртеніп, үш бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында қора өртеніп, үш бала қайтыс болды

06.10.2021

Атырау облысындағы Ортақшыл ауылында қора өртеніп, 3 бала жан тапсырды. 

Жандос Темірғали, тілші:

Жантүршігерлік оқиға өңірге қарасты Махамбет ауданында кеше кешке болды. Сағат 19:27-де өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үй ауласындағы қора-жайда шөптің жанып жатқаны туралы хабар түскен. 4 сағаттың ішінде қызыл жалын өшірілді. Бірақ, көп кешікпей өткен түнде, яғни, 6-сына ауысқан түнгі сағат 12-де кәмелет жасына толмаған 3 баланың ойнауға шығып кетіп, үйге қайта оралмағаны туралы хабарланған. Іздеуге ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техника, полиция қызметкерлері мен Ортақшыл ауылының тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Аудандық әкімдіктің берген ақпарына сай, үшеуі - үш үйдің баласы. Олардың мүрдесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.Алла, қайырлы күн! Жан түршігерлік оқиға өңірге қарасты Махамбет ауданында кеше кешке болды. Сағат 19:27-де өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үй ауласындағы қора-жайда шөптің жанып жатқаны туралы хабар түскен. 4 сағаттың ішінде қызыл жалын өшірілді. Бірақ, көп кешікпей өткен түнде, яғни, 6-сына ауысқан түнгі сағат 12-де кәмелет жасына толмаған 3 баланың ойнауға шығып кетіп, үйге қайта оралмағаны туралы хабарланған. Іздеуге ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техника, полиция қызметкерлері мен Ортақшыл ауылының тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Аудандық әкімдіктің берген ақпарына сай, үшеуі - үш үйдің баласы. Олардың мүрдесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу