Дәл қазір елордадағы бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сьезі хатшылығының 19-отырысы өтіп жатыр. Алқалы басқосу былтыр пандемия салдарынан өтпей қалған еді. Жиынға жаһанның 20 елінен делегаттар келген. Әртүрлі сенім-нанымдағы діни көсемдер әлемдегі өзекті мәселелерді талқыға салып, көпшілкті бейбітшілікке үндейтін бастамаларды көтеріп жатыр. Отырысты ашқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев съез халықаралық күн тәртібіндегі бірегей бастама және жаҺандық дінаралық диалогтың нағыз тиімді тетігі екенін атап өтті. Сондай-ақ хатшылық отырысы әлемдегі ахуалдың күрделі уақытында өтіп жатқанын жеткізді. Пандемиямен қатар геосаяси жағдай ушығып, қауіпсіздік жүйесі бұзылды. Салдарынан халықаралық жағдай шиеленісіп, қару-жарақ жарысы күшейе түсті. Мұндай жағдайда рухани көшбасшылардың басты міндеті адамдарды бейбітшілік, қоғамдық келісім және өзара қолдау секілді идеяларға үндеу маңызды деді Мәулен Әшімбаев.
Шерхан Жамбылұлы