800 тонна азық-түлікті елімізге заңсыз кіргізбек болған. Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты Мемлекеттік инспекторлар шекарада соңғы аптада 70-тен астам өрескел заңбұзушылық анықтады. Оның барлығы фитосанитариялық ережелердің сақталмауына қатысты. Яғни кәсіпкерлер елімізге бұзылған жеміс-жидектер мен көкөністерді кігізбек болған. Мәселен Ресей Федерациясынан жеткізілген 743 тонна картоп, қызанақ, қияр, бұрыш пен қызылша секілді өнімдердің талапқа сай келмейтіні анықталған. Сондай-ақ Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан және Түркиядан әкелінген алма, кептірілген өрік, жүзім мен құрмалардың санитарлық сертификаттары болмаған. Бұл тауарларды ел аумағына кіргізбек болғандарға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.
Досжан Маратұлы