Павлодарда көпқабатты 56 үйге жылу тек бес күннен кейін беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда көпқабатты 56 үйге жылу тек бес күннен кейін беріледі

05.10.2021

Павлодарда 50 ден астам көпқабатты үйге жылу қазанның 10 күні ғана берілетін болды. Жаңалықтарымыздың кешегі санында облыс орталығындаҒЫ тұрғын үйлер мен 2 мектеп және 16 оқу орнында жылудың жоқтығын хабарлаған болатынбыз. Оның сыртында бірнеше медициналық мекеме мен 100-деген жекеменшік үй тұрғындары күн суығанда әлі жаурап отыр.

Құдайберген Нұрманов, қала тұрғыны:
Тоңып отырмыз. Түнде киіммен жатамыз, көрпені жамылып. Бұл сұмдық қой. Әкімдік жұмыс істемейді.

Биыл Павлодар қаласындағы жылу магистральдерін ауыстыруға 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жұмыс әлі кешеуілдеп жатыр. Ол аздай жылыту маусымы енді басталғанда ақ жөнделген жерлерден 500-ден аса ақау шыққан.

Арслан Қалияқбаров,     қалалық ТҮКШ , автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы:
56 үйде бүгінгі күнде жылу жоқ. Ол енді факт. «Павлодар жылу желісінде» бүгінгі күні дәнекерлеуші мамандар жоқ. Жалпы, жылу жүйесінің тозуы бүгінгі күні 84 пайыз шамасында болып тұр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу