ХХІ ғасырда әлеуметтік және дінаралық қақтығыстарға себеп болатын діни экстремизм белең алды. Сондықтан діндер мен конфессиялардың, ұлттар мен ұлыстардың үндестікте өмір сүруін қамтамасыз ету маңызды жұмыстардың бірі. Мемлекеттік хатшы Кавказ мұсылмандары Басқармасының Төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Задемен кездесу барысында осылай деді. Қырымбек Көшербаев аймақтық және жаһандық деңгейдегі конфессияаралық диалогты нығайту біздің ел ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жиырма жылға жуық бұрын басталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бұған дәлел болмақ.
Саламат Омаш