Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

05.10.2021

Тәжікстан Президенті қазақ-тәжік арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосты. Бұл туралы мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты. Президенттер сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, саяси диалогты сақтауды талқылады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу