Қарауыл ауылының тұрғыны адам өліміне қатысты істің қайта қаралуын талап етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарауыл ауылының тұрғыны адам өліміне қатысты істің қайта қаралуын талап етеді

05.10.2021

Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылының тұрғыны адам өліміне қатысты істің қайта қаралуын талап етеді. Айтуынша туысының қазасына тікелей кінәлі адам бостандықта жүр. Құқық қорғаушылар істі «құқық бұзушылық жоқ »-деп жауып тастаған. Әділдік іздеген ауыл тұрғыны біздің арна тілшілеріне жүгінді.

Теңдік Сағындықованың туған сіңілісі Гүлшат Махаджанова өткен жылы дәл жаңа жылдың қарсаңында қайтыс болған. Қайғылы оқиғаның кәугері, марқұмның туған қызының айтуынша, анасын бірге тұрып жатқан азамат ауыр соққыға жыққан. Салдарынан, үйден бас сауғалап қашып шыққан адам қағақан аязда ауыл іргесінде үсіп өлген. Кейінен сот-медициналық сараптамасы басқаша қорытынды шығарыпты. Алайда істі қарау кезінде ол ескерілмеген.
Теңдік Сағындықова, Қарауыл ауылының тұрғыны:
«Ауыр қатты затпен ұрылған»- деп беріп тұр. Сол еркек қуып барып ұрып тұрғанның айғағы емес пе енді. Дұрыстап жауап та алынған жоқ. Дұрыстап жауап алынса, қысыммен айтушы еді.
Қара жамылған отбасы туғандарын өлімге итермелеген күдіктінің жауапқа неге тартылмайтындығын айтып, құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырып, бас прокуратураға дейін арызданған. Алайда, барлық арыз жергілікті мамандарға тапсырылғандықтан сырғытпа жауап қана алдық-дейді. Біздің сауалымызға да облыстық прокуратура жазбаша түрде ғана жауап берді.

Істің жылы жабылып, күдіктінің жауапқа тартылмауын себеп те бар-дейді Теңдік Сағындықова. Өйткені туыстары заң органдарында лауазымды қызметте көрінеді. Сондықтан, істі жергілікті мамандар емес, бас прокуратураның қайта қарауын талап етеді.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу