Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында жергілікті фермер көрші шаруашылықтың 4 жылқысын атып өлтірген. Жануарлар оның астық алқабына түсіп кеткен. Мал иесінен шағым түскеннен кейін жедел қимылдаған полиция күдіктіні ұстады. Ол 71 жастағы шаруа қожалығының басшысы болып шықты. Фермердің үстінен іс қозғалды. Оған заңға сәйкес 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бақытжан Құдияров, Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Күдікті азамат жылқылардың өзінің егініне түсіп кеткенін және оларды үркіту үшін қару қолданғаны жөнінде мойындау көрсетпелерін берді. Күдіктіден аңшы мылтығы тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы