Дүниежүзі халқы Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағына саяхаттай алады. Дубай EXPO-2020 көрмесінде еліміздің павильоны ашылды. Орталыққа алғаш боп бас сұғып, тамашалаған Дубай әмірі, Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-министрі шейх Мұхаммед Әл Мактум. Жалпы, біздің павильон үш қабаттан тұрады. Онда туристік әлеует, көркем табиғат, мәдениет пен салт-дәстүр үйлесім тапқан. Сондай-ақ келушілерге көне дәуірден бергі ұлт тарихы да ұсынылған. Әсіресе қонақтарды Пре-Шоу, Ұлы дала шоуы және Мейн Шоу алаңдары таң қалдырды. Осындай дүниеге 8 миллиард теңге жұмсалған. Алайда, қаражат инвестиция есебінен еселеп өтелетінін айтады ұйымдастырушылар. Мұнда танымдық шаралардан бөлек, 30 іскерлік кездесу жоспарланған.
Нысаналы Ығыл