Алматыда коммуналдық қызмет қысқы маусымға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коммуналдық қызмет қысқы маусымға дайын

05.10.2021

Ал алып шаһардың коммуналдық қызметі қысқы маусымға тас-түйін дайынбыз дейді. Тұрғын үй саясаты басқармасы қар тазалауға қатысты өндірістік базалар мен техникаларды тексерді. Мамандардың айтуынша, жолдарды тазалау үшін мыңнан астам арнайы техниканы пайдалану жоспарланған. Қалың қар жауған жағдайда 150 қосымша техниканы жалға алуға құрылыс ұйымдарымен келісім жасалған. Сондай-ақ, 30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм алынды. Көктайғаққа қарсы материалдар 15 қазанға дейін жеткізілмек. Барлық ауданда қар үйінділеріне арналған аумақтар анықталды. Қазір 1400 жол тазалаушы жұмысшысы бар. Қысқы кезеңге қосымша 1200-ге жуық адам тарту жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу