Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері өкілдерімен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері өкілдерімен кездесу өтті

04.10.2021

Бейбітшілік пен келісімді халықаралық аренада дәріптеуде Қазақстан ұсынған дінаралық форумның орны бөлек. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері өкілдерімен кездесуінде айтты. Жалпы, діндер лидерлерінің Съезі озық диалог алаңына айналды. Оған ықпалды саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың көрнекті өкілдері де қатысып келеді. Бұл Съездің шешімдерін нәтижелі іске асыруға және дінаралық диалог пен келісім идеяларын ілгерілетуге тың серпін береді,– деді Съезд Хатшылығының Басшысы. Сондай-ақ тараптар ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлеріне бірлесіп жауап іздеу жолында маңызды рөл атқара беретініне сенім білдірді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу