Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктерге тексеріс жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктерге тексеріс жүргізеді

04.10.2021

Қаржы нарығын реттеу агенттігі екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығын бақылау үшін тест өткізуді бастады. Тексеріс әзірге пилоттық режимде бірнеше банкке жүргізіледі. Агенттіктің Ұлттық банкпен бірлескен стресс-тестілеуі бүгіннен бастап 2022 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Бұл банктердің капитал мөлшерін, несие портфелі мен депозиттері, жалпы ішкі қаржылық саясатын тұрақты түрде бақылап, бағалауға мүмкіндік береді. Агенттік өкілдері пилоттық режим пысықталған соң, бағалауды келер жылдан бастап жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу