Биылдан бастап жаңа инновациялық жобалардың 50 пайызын Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қаржыландырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап жаңа инновациялық жобалардың 50 пайызын Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қаржыландырады

28.11.2017

Бұған дейін тек 20 пайыз болатын. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен XII инновациялық конгрессте агенттіктің басқарма төрағасы Марат Омаров айтты. Оның сөзінше, осы жылы агенттікке құны 2,8 млрд. теңгеге жететін 200-ден астам өтініш түскен. Мұны елдегі инновациялық жобалармен айналысушылар санының артуы деп білген жөн. Соған байланысты арнайы байқау ұйымдастырылып, мыңға жуық адам қатысқан. Үздік шыққандары мараппатталып, мемлекеттік грант алды. Қыруар қаражат жобаны іске асырып, әрі қарай дамытуға жұмсалуы тиіс.

Әйгерім Хантөреева, инновациялық байқаудың жеңімпазы:

- Біздің тақырып жалпы косметология саласымен байланысты. Жалпы, обьект ретінде Қазақстанда өсетін сайлор ақ май түрін алып, күнге қарсы қолдануға арналған крем жасадық. Қазақстанда жоқ. Өйткені, құрамындағы белсенді зат ол Қазақстанда ғана өсірілетін түрі.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу