Семейде соңғы 20-30 жылда жөнделмеген көшелерге асфальт төселуде. Оған қоса көлік қозғалысы тығыз көшелердің қиылыстарында қосымша бұрылу айрықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа биыл 2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. 48 көше қалыпқа келтірілді. Қыс түскенше келесі жылы жөнделі тиіс жолдар да тегістеліп дайындалуда. Бастысы халық тығыз орналасқан, көлік қатынасы көп аудандарға басымдық беріліп отыр.
Ержан Жақып