Бүгін Жапония парламенті елдің жаңа премьер-министрін ресми түрде сайлады. Үкіметті 64 жастағы Фумио Кисида басқаратын болды. Оның кандидатурасына заң шығару органындағы екі палата да басымдықпен дауыс берді.
Бұрын сыртқы істер министрі болған Кисида биліктегі Либералдық-демократиялық партия төрағалығына өткен аптада таңдалды. 100-ші премьер бүгін министрлер кабинетінің құрамын жариялайды. Ондағы 20 лауазымның 13-і бұрын үкіметте жұмыс істемеген адамдарға бұйыруы мүмкін.
Осыған дейінгі кабинет жетекшісі Ёсихиде Суга пандемиямен күресте рейтингі төмендеп, отставкаға кетуге мәжбүр болған еді.
Арыстан Рысбек