Елдегі төрт аймақ әлі «қызыл» аймақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі төрт аймақ әлі «қызыл» аймақта

04.10.2021

Коронавирусқа шалдыққан 765 науқастың жағдайы ауыр. 144 адам жасанды желдету аппаратына қосылған. Тәуліктік өсім азайып келе жатқанымен елдің төрт өңірі әлі қызыл аймақта. Олар екі мегаполис - Нұр-Сұлтан мен Алматы және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта» - 10 өңір. Елдің тек төрт облысында ғана жағдай тұрақты. Сонымен бір тәулікте 1717 адам вирус жұқтырған. Коронавирус пен пневмониядан 37 адам көз жұмды. Ал індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алғандардың саны 7 млн 700 мың адамнан асты.

Алматы облысында да эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Соңғы тәулікте өңірде 133 адам індетке шалдыққан. Оқу жылы басталғалы 1 141 бала вирус жұқтырған. Қазір аурудың таралуы едәуір төмендеді дейді мамандар.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу