Екібастұзда 24 жастағы әйел көмір кенішінде 4 метр биіктіктен құлап, мертікті. Ол кеніште қатты отынды тиеуге арналған конвейрлі машинист көмекшісі болып жұмыс істеген. Абайсызда жарақат алған жұмысшы қазір ауруханада. Сот-мелициналық сараптамасы тағайындалып, өндіріс орнында техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталмауына қатысты іс қозғалды.
Болат Аманбаев