Сот кәсіпкер Орифджан Шадиевтен 16 млрд теңгені өндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот кәсіпкер Орифджан Шадиевтен 16 млрд теңгені өндірді

01.10.2021

Сот кәсіпкер Орифджан Шадиевтен 16 млрд теңгені өндірді. Ұлттық банктің пайдасына 14 млрд теңге, мемлекеттік кіріске 472 млн теңге өндірілді. Сонымен бірге кәсіпкер айыппұлға 1 млрд теңгеден аса ақша төлейді. Бизнесменнің жеке меншігіне, бағалы қағаздар мен акцияларына қатысты ақпарат болған соң сот отырысы жабық режимде өткен. Орифджан Шадиев 2013 жылдан бері Capital Bank-тің иесі болды. Лицензиясынан айырылған банк 2017 жылы Ұлттық банктен қарыз алған. Несие банктің акционері Орифджан Шадиевтің кепілдігімен берілген еді. Алайда Шадиев өз міндеттемесін орындамаған соң Ұлттық банк берешекті өндіріп алу туралы талап арыз берді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу