Нарықтағы тауар бағасын негізсіз көтерген ірі бизнес өкілдеріне 875 мың теңге айыппұл салынады. Базарлар, сауда желілері мен үй жанындағы дүкендерде мониторинг тұрақты жүргізіледі. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнына 15% сауда үстемесін сақтауға міндетті. Тауарды заңсыз қымбаттатқан саудагерлерге алдымен ескерту беріледі. Әрекеті бір жыл ішінде қайталанса, 10,75, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Әр аймақта наурыз-маусымға дейін азық-түліктің шекті бағасы бекіген. Мәселен, Алматыда қарақұмық жармасының келісі 361 теңге, жұмыртқаның 10 данасы 487 теңге, қырыққабат келісі 83 теңгеден аспауы тиіс.
Ақерке Бектас