Шымкент қаласында құбыр жөнделіп, 6 500 абонент табиғи газға қайта қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында құбыр жөнделіп, 6 500 абонент табиғи газға қайта қосылды

01.10.2021

Шымкент қаласында эксковатормен жер қазу кезінде жарылған құбыр жөнделіп, 6 жарым мың абонент табиғи газға қайта қосылды. Сондай-ақ апатқа байланысты жұмыстарында біршама іркіліс болған 35 коммуналдық мекеме мен 6 өндіріс ошағына да көгілдір отын жетті. Бүгін таңертеңнен бастап іске кіріске авариялық бригада диаметрі 315 миллиметр болатын құбырдың бүлінген жерін кесіп алып, жаңасын жалғады. Полиция газ құбырын зақымдаған эксковатор жүргізіуішін әлі іздеп жатыр. Оқиға орнынан қашып кеткен азаматты анықтау үшін сол төңіректегі бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексеріліп, маңайдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алынуда.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу