Саакашвили қамалу қаупіне қарамастан еліне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саакашвили қамалу қаупіне қарамастан еліне оралды

01.10.2021

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили түрмеге қамалу қаупіне қарамастан еліне оралғанын хабарлады.

Ол түнде өзінің Батумиде жүргені туралы видеоны көрсетіп, халықты оппозициялық «Біріккен Ұлттық Қозғалыс» партиясына дауыс беруге шақырды. Кавказдық республикада парламенттік сайлау қазанның 3-де өтеді. Дегенмен, биліктегі партия Саакашвилидің оралғанына күмән келтіріп отыр. Және де бұған дейін грузин үкіметінің басшысы бұрынғы мемлекет басшысын келген бойда тұтқындайтынын ескерткен еді.

2018 жылы Саакашвили билікті асыра пайдаланды, түрмеде оппозиция мүшесін соққыға жығу оқиғасын бүркемеледі деген айыппен 6 жылға сотталды. Алайда,Украинада тұратын 53 жастағы саясаткер өзіне тағылған кінәні мойындамай, оның саяси астары бар екенін мәлімдеп келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу