Шымкент қаласында жер қазу жұмысын жүргізіп жатқан эксковатор газ құбырын зақымдап, 6 жарым мың абонентті көгілдір отынсыз қалдырды.
Оқиға кеше түнде болған. Ауыр техника жер қазуға арналған шөміштің тісімен диаметрі 315 мм болатын полиэтилен құбырды тесіп жіберген. Салдарынан шаһардағы «Азат», «Ақниет» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен сол төңіректе орналасқан 35 комуналдық мекеме, 6 өндіріс ошағына көгілдір отын беру тоқтатылды. Қазір апат орнында авариялық құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал құбырды зақымдаған эксковатор жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны іздеуге кірісті.