Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғалымдары инновациялық жобаны жүзеге асырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғалымдары инновациялық жобаны жүзеге асырды

14.11.2017

Бұған дейін топыраққа төгілген мұнай қалдығы арнайы цистерналарда сақталатын. Себебі, шайырлы қалдықтарды көмуге, өртеуге болмайды, ешқандай өндіріс орны оны қабылдамайды. Сондықтан, Сыр ғалымдары ұсынып отырған жоба ерекше қолдау тапты. 95 миллион теңге грант ұтып алды. Ал, Германияда жобаны өндіріске енгізу үшін арнайы қондырғы құрастыруға кірісіп те кеткен. 

Нұрбол Аппазов, инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі:

- Зерттеулердің әртүрлі салалары бар. Бірақ, қолдау таппай келе жатыр. Себебі, экономикалық тұрғыда тиімсіз. Көп энергия жұмсалады, көп жұмыс күші. Тиімсіз болып табылады. Сондықтан, біз экономикалық тиімді жолын таптық.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу