Журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдануы мүмкін

30.09.2021

«Санда бар, санатта жоқ журналистер мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынаным». Бүгін, Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Нұртөре Жүсіп осылай деді. Оның ойынша, елдік пен мемлекеттілік ісіне тікелей қызмет етіп отырған журналистерге полиция өкілдеріне жасалғандай жағдай неге жасалмаған. Пандемия тұсында 200-ге тарта журналист пен жазушы өмірден өтті. Сенатор: АҚШ-та журналистердің жалақысы жылына 28 мыңнан 75 мың долларға дейінгі аралықта екенін мысал етті. Ал Қазақстанда журналистің бір жылда табатын табысы – 3-4 мың доллар шамасында. Түркия, Әзірбайжан сияқты елдердің де бұл істе бізден көш ілгері кеткен.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Отандық масс-медиа Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының пәрменді құралы болуы тиіс. Журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді. Ақпарат саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспарын жаңадан жасау қажет. БАҚ-тың ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу