Лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік шоттарында 700 млрд теңгеге жуық қаржысы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік шоттарында 700 млрд теңгеге жуық қаржысы бар

30.09.2021

Ал лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік шоттарында 700 миллиард теңгеге жуық қаржысы бар. Бүгін мемлекеттік кірістер комитеті мүлікті жария етудің қорытындысын жариялады. Оған сай декларацияны 500 мыңдай мемлекеттік қызметкер мен оның жұбайлары тапсырған. Соның ішінде 440 адамның Америка, Швейцария секілді 58 елде банк шоты бары анықталды. Сақталған қаржы көлемі 691 миллиард теңге. Сондай-ақ 500-дей шенеуніктің Түркия, Ресей, Біріккен Араб әмірліктері сияқты 26 елде 666 баспанасы тіркелгені белгілі болды. Әрі мемлекеттік қызметкерлердің атында шетелдерде мыңнан астам машинаның бары да жария етілді. Кірістер комитетінің хабарлауынша бұл дүние мүліктердің қайдан келгенін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілмейді.

Жайдар Іңкәрбаев, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары: 
Өйткені декларациялаудың мақсаты бар мүлігін көрсету, заңдастыру. Енді әрқайсысы декларацияда көрсеткен дүниесі бойынша салық төлейді. Бұл бір жағынан салықтан жалтарудың алдын алуға бағытталған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу