Бұдан былай қаржылық мониторинг агенттігі лауазымды тұлғалардың жеке тізімін жүргізеді. Тіпті олардың отбасы мүшелері мен туыстарының да мәліметі қолда болады. Бұл қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға және терроризмді қаржыландырудың алдын алу үшін қажет. Бүгін мәжілісте осы мәселелерді реттейтін заң жобасы мақұлданды. Енді арнайы агенттік шенеуніктерге сұрау салып әбігерге түспейді. Жаңа құжат қаржылық операцияларды тікелей бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ, тексерілетіндер тізіміне нақты кімдер кіргізілетінін мемлекет басшысы шешеді.