Алматы облысының Қора шатқалы төрт күннен бері жанып жатыр. 25 гектар аумақта құрғақ шөп пен орманды алқап отқа оранған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 100-ден аса адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Тау шатқалына жету қиын болғандықтан тікұшақ қолданылды. Мамандардың айтуынша елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке ең жақын Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.