«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарламадағы жобалар жүзеге асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарламадағы жобалар жүзеге асты

29.09.2021

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарымен онлайн-форматта кеңес өткізіп, сайлауалды бағдарламаның орындалуын пысықтады. Мәселен, Қарағанды облысында 5 жылға жоспарланған 1814 шараның 25 пайызы орындалған. Тұрғын үй, жол салу, газ тарту, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты жою бойынша жетістіктер көп. Сайлауалды бағдарламада ауылдық жерлердегі дарынды балаларға қолдау көрсету көзделген. Бұл ретте Осакаров кентіндегі техно орталық нәтижелі жұмыс істеуде. Ал «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Қарағандыдағы №5 және №102 мектептердің инклюзивті білім беру бойынша тәжірибесі ерекше. Аға буынға қамқорлық таныту – партия басымдықтарының бірі. Қарағандыда ашылған белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысы көпке үлгі.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Белсенді ұзақ ғұмыр орталықтарының негізгі мақсаты егде жастағы азаматтар келіп өзінің сұрақтарын қою мәселесі. Мынау «бір терезе» қағидаты бойынша орталық болу керек. Елбасымыз тапсырып, Қазақстан бойынша әрбір қалада, әр ауданда осындай орталықтар болу қажет.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу