Мұнай қайта арзандай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қайта арзандай бастады

29.09.2021

Ал мұнай қайта арзандай бастады. Кеше баррелі 80 доллардан асқан қара алтын қазір 77 доллардан сатылып жатыр. Бағаның құбылуына АҚШ валютасының нығаюы себеп дейді сарапшылар.

Десе де ірі инвестициялық компаниялар шикізат бағасының әлі көтерілетінін болжап отыр. Тіпті баррелі 90 долларға жетуі мүмкін дейді. Бұған Америкада мұнай қорының азаюы себеп. Еуропадағы газ тапшылығы да бағаның көтерілуіне әсер етпек.

Ал бүгінгі валюта бағамы мынадай. Доллар 425 теңге 60 тиын. Еуро сәл арзандады. 496 теңге. Ресей рублі болса, 5 теңге 80 тиын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу