Қазақстан мен Әжербайжанды байланыстыратын ортақ құндылық көп. Елбасымен кездескен Әзербайжан Милли Меджлисінің төрайымы бұған Түркістанды көріп, тағы бір көз жеткізгенін айтты. Сахиба Гафарова қайта түлеген Түркістанның бүгінгі бейнесі ерекше таңғалдырғанын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев тарихи қаланың 2018 жылы облыс орталығы болғанын еске салды. Өңірде Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының 10-шы мерейтойлық кездесуі аяқталған.