Жапонияның бұрынғы сыртқы істер министрі биліктегі Либералдық-демократиялық партияның жаңа төрағасы болып сайланды.
Енді, қазанның 4-де өтетін парламент жиналысында Фумио Кисида ресми түрде үкімет басшысы болып жарияланады.
64 жастағы саясаткер Жапонияның 100-ші премьер-министрі болмақ. Оның алдында коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіру, Солтүстік Кореядан төнген қауіпке қарсы тұру тәрізді бірқатар өзекті мәселерді шешу міндеті тұр. Ал, қазіргі премьер Есихидэ Суга қыркүйектің басында қызметтен кететінін мәлімдеген еді. Оның мұндай шешім қабылдауына халық алдындағы рейтингінің 30 пайыздан төмендеп кетуі себепші.
Арай Төлегенқызы