Ресейде өткен тәулікте коронавирустан 852 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде өткен тәулікте коронавирустан 852 адам қайтыс болды

29.09.2021

Ресейде пандемия қайта күшейіп, коронавирустан бір тәулікте 852 адам қайтыс болды. Бұл осыған дейінгі рекордттық көрсеткіштерден де жоғары.

Елде COVID жұқтыру оқиғалары қыркүйектің басында миллиондаған оқушы мен студент оқу орындарына оралғанда күрт көбейген.

«Роспотребнадзордың» мәлімдеуінше, эпидемиялық жағдайдың қайта нашарлауына респираторлық аурулар науқанының басталуы да себепші.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ресейдегі 146 миллион тұрғынның 40 миллионға жуығы ғана толық вакциналанған. Осылайша, солтүстіктегі көрші екпе салу деңгейі бойынша әлем елдерінің көбінің соңында келеді.


Хабарламаларға жазылу