Еліміздің 5 өңірі әлі «қызыл» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 5 өңірі әлі «қызыл» аймақта тұр

29.09.2021

Соңғы екі аптада коронавирусқа шалдығу 36%-ға төмендеді. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.

Ал, тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 56-дан 33%- ға кемісе, реанимациялық орындар 45-тен 32%-ға дейін азайған. 57 ковид стационары жабылды. Бірақ, Қазақстанда 5 өңір әлі «қызыл» аймақтан шыға алмай тұр. Бұлар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары. Өткен тәулікте індетті 1 925 адам жұқтырған. Вирустан сақтанудың бірден-бір жолы вакцина салдыру. Бүгінде екпенің бірінші компонентін 7,5 млн.нан аса адам қабылдады. Ал, екінші дозасын 6 жарым млн.ға жуық адам салдырған.  

Хабарламаларға жазылу