Таиланда су басқан аудандарға парапланмен көмек жеткізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланда су басқан аудандарға парапланмен көмек жеткізіліп жатыр

28.09.2021

Таиланда еріктілер су басқан аудандарға парапланмен көмек жеткізіп жатыр. Мұндай жағдайды елдің орталығындағы Сухотхай провинциясында байқауға болады.

7-8 адамнан тұратын команда тасқынның ортасында қалған тұрғындарға гуманитарлық жәрдемді биіктен арқанмен түсіреді.

Корольдікт үкіметінің мәлімдеуінше, су апатынан Таиландтың 23 провинциясында 59 мыңға жуық адам зардап шеккен. Тағы алтауы қаза тауып, екеуі жоғалып кетті. Алапат тасқын мемлекет астанасы Бангкокқа да жетеді деген дабыл қағылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу